USD523.58EUR549.71RUB5.01

Тәуелсіздік – бабалар армандаған азат күн

20 желтоқсан 2019, 17:50
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.
Тәуелсіздік – бабалар армандаған азат күн

Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен марапатталады. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

Семейде Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты кешке қоғам қайраткерлері, қала зиялылары, еңбек ардагерлері және қала тұрғындары қатысты. Олар талай жылғы қажырлы еңбегі үшін әкім қолынан марапат алып, Тәуелсіздік күніне арналған шын ықыласты ниеттерін білдірді.

Семей қаласының әкімі Ермак Бидахметұлы Сәлімов:

- Ардақты ағайын! Құрметті жерлестер. Баршаңызды еліміздің ең ұлық ұлттық мерекесі тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Ширек ғасырдан астам уақытта татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бірлік сүйгіш, ынтымыөты пейілінің арқасында даму жолына түстік. Қазақстан әлемдік аренада өз орынын алып, дүниежүзіне танылды. Шекерамыз нығайып, ел тұтастығы қамтамасыз етілді. Біздің ең басты құндылық ол көп ұлтты халқымыздың береке-бірлігі. Әр ұлт үшін Тәуелсіздіктен артық  қасиетті қымбат ештеңе жоқ. Облыс әкімі Дания Кенжетайұлының тапсырмасымен 2017-2019 жылдарға арналған Семей қаласының даму бағдарламасы қабылданып, сәтті жүзеге асты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге келген сапарында қаланың дамуы үшін нақты тапсырмалар берген болатын. 2020-2025 жылдарға арналған Семей қаласы әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қабылданды. Бұл құжаттың мазмұны тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартып, экономикасын, әлеуметтік саланы арттыруға бағытталған. Алдағы қаланың даму болашағы осы бекітілген құжатқа сәйкес жүзеге асатын болады. Тиісті қаржы да қарастырылған. Қарағайлы ауданы жедел дамып келеді. Тек биылдың өзінде 159 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 100 пәтер көпбалалы отбасыларға, 27 пәтер балалар үйінің түлектеріне, 32 пәтер бюджеттік мекеме жұмысшыларына берілді. Жыл соңына дейін тағы 86 пәтер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға берілетін болады.

Келер жылы кемеңгер ойшыл Абайдың 175 жылдық мерейтойын халықаралық деңгейде атап өтеміз. Баршаңызды тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасылық амандық, бақ-береке тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз баянды, еліміз еңселі болсын.

Салтанатты жиында «Қалаға сіңген еңбегі үшін» меделімен Исабаева Зәуреш, Кәріпжанов Отантай, Шәкеев Тұрсынғали, Карельников Яков, Азаматов Адай, Мақсатқажы, Отец Феодор, Жұматаева Гүлжихан, Құсайынов Тілеуқабақ марапатталды.

Оразалина Зере Кәменқызы:

- Бүгінгі болып жатқан қуанышты шараға қала жұртшылығымен бірге тойлау үшін келіп отырмыз. Тәуелсіздік – күніміз  аса қуанышты күн. Бұл қуанышты күн болғанымен, еркіндік үшін жанын қиған жандарды еске алу күні деп саналады. Жан аямай күрескен жастардың қанымен келген күн. Еліміз аман болсы. Мереке мерекеге жалғасып, еліміздің болашағы үшін еңбек ете берейік.

Қазақстан халқы сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықты алып, аңсағанына қол жеткізген Тәуелсіздік күнін биыл 28-інші рет қарсы алып отыр. Әрине, тарих үшін бұл тым қысқа, тіпті қас қағым сәт болып көрінуі де мүмкін. Әйтсе де, осы жылдар ішінде тәуелсіз мемлекет ретінде тындырған істеріміз де аз емес. Өңірге ғана емес, әлемге танылдық. Дүниедегі күллі елдермен байланыс орнатып, тереземіз барша мемлекетпен теңесті. Бұл да сол Тәуелсіздіктің жемісі. Ендеше, егемен ел атанған Қазақстан үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың атасы - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз әрі бұл солай болуы да тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar