Елімізге танымал қоғам қайраткері, Семей өңірінің әдеби-мәдени дамуына зор үлесін қосқан, əдебиет тарихы, әдеби өлкетану бойынша көптеген еңбектердің авторы, білім-ғылым саласында аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстазымыз әдебиет әлемінде өзіндік «Еспенбетов мектебін» қалыптастырды. Ғалымның жетекшілігімен күні бүгінге дейін екі докторлық, қаншама кандидаттық және магистрлік диссертациялар қорғалды. Арап Сіләмұлы өзі қалыптастырған мектепте ілім-білімге қоса адамдық болмыстан ажырамауды ұштастыра үйретуде. Осылайша біздерді, шәкірттерін, ғылым айдынына қанатымызды қомдап, толық дайын етіп жолдама беретін.
Ғылым жолындағы, әдебиет пен мәдениет үшін, Семей қаласының дамуы үшін төккен теріңіз бен еткен еңбегіңіз еленіп, бүгінгі күні «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілуі біздер шəкірттері үшін қуанышты жаңалық. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін дамытуға қосқан ұшан-теңіз үлесіңіз үшін алғыс айта отырып, келешекте өзіңіз іргесін салған «Еспенбетов мектебінің» кемелдене беруін тілеймін!
Жандос ӘУБӘКІР,
филолгия ғылымдарының докторы