USD484.37EUR531.06RUB5.05

ШҚО-дағы киелі орындардың бірі - Мұзтау.

03 тамыз 2020, 09:54
Бұл орын республикамыздағы бірегей мәдени-географиялық алаңның қатарына кіреді. Мұзтау тауы Еуразияның тура ортасында орналасқан, Қазақстан мен Ресейдің шекарасында тұр. Әр ұлтта осы таудың өзіндік атауы бар: мәселен, алтайлықтар Уч-Сумер, орыстар - Белуха, қазақтар - Мұзтау деп атайды.
ШҚО-дағы киелі орындардың бірі - Мұзтау.

Бұл жердің энергетикасы ерекше. Сондықтан болар мұнда ғалымдар, ақындар, суретшілер, жазушылар мен туристтер көптеп ағылады. Мұзтау тауында демалудың өзі бір ғанибет. Оның аумағында туристік базалар мен кешендер, қонақтарға арналған үйлер бар. Сондай-ақ мұнда сауықтыру кешені бар. Онда  панта ваннасы мен марал шаруашылығы орналасқан. Мұзтау тауына экскурсия жасауға альпинистер мен экстримді ұнататын жандар келеді. Бұдан бөлек бұл жаққа мәдени мұра мен Алтай аймағының тарихымен терең танысқысы келетін саяхатшылар да ат басын бұрады.

Таулы Алтай аймағының мистикалық орындарының қатарына Ярлу аңғары жатады. Ормандағы сирек кездесетін гүлдер мен жартастардың кез келген жанды таңғалдыратыны рас. Шаман тасының маңайынан медитациямен айналысатын адамдарды жолықтыруға болады.

Мистикалық орындардың бірі - Ақкем өзені. Айтпақшы, бұл атауды керісінше оқысаңыз, "Мекка" деген сөз шығады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar