Ол өрт сөндіру машиналарын өте қатты жақсы көреді,себебі оның әкесі тау-құтқару жасағында құтқарушы болып жұмыс істейді. Балалар үшін құтқарушы-өрт сөндіруші- бұрынғы жылдары және бүгінгі күнде әр түрлі өрт сөндіру машиналарында өрттен адам құтқаратын батыр адам.
Экскурсия жүргізушісі Фархат Еркимбаев балаға барлық залды аралатты, өрт сөндіру машиналарының қызықты макеттерін, тіпті өрт сөндіру машиналары болмаған кезде өрт сөндіруге қолданылған ат-бөшкесін де көрсетті. Құтқарушының ауыр еңбегі туралы, оның ең алдымен тәртіпті болуы керек екендігі туралы және ол үшін әрбір секунд адамның аман қалуын немесе өрт сөндірілуін шешетіндігі туралы айтты.
Бала көргендерінің барлығына таң қалды және құтқарушы-өрт сөндіруші болатындығын анық айтты. Тіпті кеткісі де келмеді.
Осындай экскурсияға қатыса отырып баланың құтқарушы-өрт сөндіруші мамандығына деген құрмет, олардың жұмысына қызығушылық, қауіпсіздік мәдениетіндегі өзін-өзі ұстауы қалыптасады. Әрине, өрт қауіпсіздігі туралы кәсіби өрт сөндіруші айтқанда ол тез есте сақталынады.
Бүгінгі күнде мұражайда қауіпсіздікті насихаттау мақсатында тұрақты түрде мектепке дейінгі балаларға және балалар орталықтарына арналған экскурсиялар өткізіліп тұрады. Ал біз осы азаматтық қорғаныс органдарының мерейтойлық 25 жылдығында сенімді ауысым өсіп келетіндігіне сенеміз.
ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖ