USD447.67EUR491.36RUB5.74

Он саққа жүгірген он екі жыл

11 қаңтар 2020, 10:36
Көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың «Гүлдәурен» әнін білмейтін жан жоқ шығар, сірә! Оқушы біткен мектеп бітіру кешінде «Он жыл мектеп партасында, бірге отырдым өзіңменен» деп шырқайтын еді. Еліміз асықпай, 12 жылдық білім жүйесіне көшкелі отыр. 12 сы-ныпты бітірген оқушының «12 жыл мектеп партасында» деп ән салатын күні де алыс емес.
Он саққа жүгірген он екі жыл

Әңгімені әріден бастайық. 12 жыл­дыққа көшу жобасы министр Аймағамбетовтен де бұрын бас­тал­ған. Бұл жүйе төңі­ре­гінде Сағадиев «дәуірінде» де байбалам салғандар жетерлік. Оның тиімді тұсы бар екенін айтып, дәлелдеген де министрлер болды. Олардың дені мектеп оқу­шыларының шы­ғармашылық дамуына, тұлға бо­­­лып қа­лып­тасуына ықпал ете­­ті­нін, әлем­дік білім беру жүйе­сін­­дегі мық­ты бәсекелестікке қар­сы тұратын, за­манауи білік­ті ма­ман­дарды тәр­бие­леп шығарамыз дескен бола­тын.

Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Ай­мағамбетовті қабылдап, 12  жыл­дық оқумерзімінеқажет­тіин­фрақұрылымды, бағдар­лама­лар мен жалпы білім жүйесін да­йын­­дауға басымдық бере оты­рып, жүйелі түрде, асықпай көшу керегі жөнінде тапсырма берді.

Сенатор Бақытжан Жұ­мағұлов: «Бұл жүйеге өту үшін ұзақ жыл дайындалдық. Ендігі міндет – ата-ана мен мұғалімнің  дайындығы. Насихат, түсіндіру жұмыстары толыққанды жүр­гізілсе, нәтиже болады. Білім және ғылым министрлігі соңғы 16 жылда осыған дайындықпен кележатыр. Бірнеше жобаларды қарастырды. Бұл бір күннің не­месе бір министрдің жұмысы емес. Талай министрдің, та­лай қызметкердің әзірлеген жүйе­лі жұмысы.  Жалпы, білім беру са­ласы бұл жүйеге өтуге дайын деген ойдамын» дейді.

Республикалық QAZBILIM орталығының директоры Аятжан Ахметжан өзінің Facebook парақ­шасында: «Өзім 12 жылдық мек­теп­тің түлегімін. Мектепке 7 жас­қа толған соң бардым. 18 жастан 19 жасқа жақындап, 12 жылдық мектепті бітіріп шықтым. Бір жыл­ға жуық уақыт Қазақстанға ке­лем деп, құжатпен алысып жү­ріп қалдым. Келген соң бір жыл дайын­дық оқыдым. Сөйтіп жүріп университетке оқуға түскенде, өзімнен 4 жас кішілермен курстас болдым. Группада сөз бастайтын «ата» едім. Кейін білінбей кетті. Қазір де оқитынымды білетін сы­ныптастарым «Әлі оқып жүр­сіңбе? Сен де шаршамайды екен­сің» дейді. Әрине, шаршауға уа­қыт жоқ. Айтпақшы, 12 жыл­дық әлемде бар үрдіс. Басты мә­селе, 12 жылдыққа көшуге ма­териал­дық, техникалық, кадр­лық мә­селелер дайын болса, мек­­­теп жетіп, оқулық сапалы бо­­­лып, бағ­дарламалар жүйеленіп тұр­са, жет­кілікті. Ал тек форма көшіп, мазмұн алдап тұрса, онда ұтыламыз» деп жазады. 6+11 (12) =? деп форма қумай, мазмұн тұр­ғы­сынан сұрайтын жан болса, риза болар едім» деп жазады.

12 жылдық білім беру жүйесі бойынша, бала мектепке 6 жа­сынан баратын болады. Сонда бас­тауыш білім беру жүйесі – 1-4 сынып аралығы болса, 5-10 сынып оқушылары толық білімге қол жеткізе алады. Ал 11-12 сыныпта оқушы белгілі бір мамандыққа бейімделеді. Бұл жобаның тиімді тұсы – осында.

12 жылдық білім халықаралық стандартқа сай келеді. Жалпы, орта білім беру жүйесі 12 жыл­дық­қа негізделген елдер көп. Еуро­па кеңесінің университет проб­л­емалары жөніндегі тұрақты кон­фе­рен­циясы 1992 жылы қабыл­даған декларациясында «әлем­дік тәжірибеде 12 жылдық орта білім беру жүйесі ең таң­дау­лы болып есептелген» екен. Яғни, бұл жүйенің тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Әлем демекші, АҚШ, Канада, Франция, Испания, Польша секілді мемлекеттер 12 жылдық білім жүйесіне әлдеқашан көшіп қойған. Германия, Чехия мектептері 13 жылдықты, Гол­лан­дия 14 жылдық білім жүйесін таң­дап отыр. Балтық жағалауы ел­де­рінде де білім жүйесі – 12 жыл­дық. Демек, бұлжүйеден үрку­дің де қажеті шамалы. Бұл – бір.

Екіншіден, бала мектепке 6 жастан барса жақсы, 7 жастан бас­тайтын болса, мектеп бітір­ген­ше 19-ға толады екен. 19 жас­тағы еңгезердей жігіттің мектеп партасында отырғанын елестетіп көріңіз.

Көпбалалы ана Айсұлу Аймағамбет бұл жүйе­нің енуі­не мүлдем қарсы. «Біз­діңмек­тептердегі оқыту бағдар­ла­масы кеңестік үлгіде қалып қой­ған. Балалардың сабақ оқуға ын­тасы жоқ. 45 минут партада отыр­ғысы келмейді. Тіпті, «мек­теп­ке бармай-ақ, қосымшада жүреберсек, болмайма?» деп сұ­рай­ды. Әлемдік тәжірибе деп жиі айтамыз. Әлемнің көптеген ел­дерінде 9  сыныптан кейін ба­ла­ны білім алуға емес, белгілі бір кәсіпті меңгеруге үйретеді. Сол арқылы баланың жұмыс істеу қабілетін арттырады. Бізге де сондай жүйе артық етпеседі» дейді.

12 жылдық білім жұмыс­сыз­дықты азайтады деген де тұжырым бар. Яғни, 11-12 сыныпта бел­гілі бір профиль бойынша ма­ман­дыққа бейімделген бала мек­тептен кейін қол қусырып қарап отырмайды. Оның кәсіптік бейі­мі бойынша жұмыс істеуге, ең­бекетуге қабілеті бар. Олай бол­са, кәсіптік-техникалық кол­ледждердің қажеті бола ма? Оқушы кәсіпті жоғары сыныпта меңгеріп шығатын болса, кол­леджде оқып несі бар?

«Қазақстанда 18 жастан бас­тап қана неке қияалады. 18  жасқа толмағандар арасындағы неке ата-ананың жазбаша келісімі мен рұқсат етіледі. Қазір мектеп жасындағы қыздар арасындағы жүктіліктің көбеюі де белең алып барады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшсек, естияр жастағы баланы «қатаң» тәртіпте ұстайал амыз ба? Қазір жаһандану за­ма­ны. Ақпараттың бәріашық. Бүгінгі бала «тәйт-тәйт» дегенге көне қояр ма екен?» деген уәжін айтады Айгүл Қасым есімді ата-ана.

Білім беру жүйесінде ақ­сап тұрған дүниенің бірі – ма­те­риалдық-техникалық база. Мек­теп жетіспеушілігі, үш ауы­сым­дық мектеп проблемасы тау­сыл­май жатып, жаңа жүйеге көшеаламыз ба? Информатиканы те­рең меңгеріп, техника тілін жетік білмей, замана көшіне іле­се ал­май­тынымыз тағы анық. Ірі қа­ла­лардың өзінде мек­теп ғи­мараттары тапшы. Үш ауысымнан қашамыз деп, бір сыныпта 30-40 бала білім алып жатыр. Бала мен жеке жұмыс істеуге мұғалімнің мүмкіндігі жоқ. Сол себепті ата-ана баласына қосымша сабақ оқытуға мәжбүр болып отыр. Ал ауылдағы мектептің жайы бесенеден белгілі. Интернеті жоқ ауыл өте көп. Оған «қатесі көп оқулықтың» жырын қосыңыз. Демек, «төртаяғын тең басқан» дайын мектеп әзір жоқ. Қалай десек те, 12 жылдыққа көшудің мәселесін әлі де нықтай түсу қа­жет секілді. Кез келген жобаны қабылдауда сарапшылардың да пікіріне құлақ түрген дұрыс. Кешелі бері әлеуметтік желіде 12 сынып оқушысының жас мөлшерін анықтап жатқандар көп. Біреу 17 деп, енді біреулер 18 деп әлек болып жатыр. «Оқу­шының жасын санау – бала­ның тірлігі» дейтіндер де табы­лар. Дегенмен басты мәселе – ка­др­лық, материалдық-техникалық базаның сақадай-сай болуында. Жүйелі жұмыс жүргізіліп, дұрыс насихат жасалса, алынбайтын қа­мал жоқ. Бұл жоба тиімді болады десек, тиісті шараларды атқарған жөн.

Г. ТҰРҒАНБАЙ 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2020
Әрленім және құрастыру
SemStar