Тексеру барысында сол күні таңертең көшелердің бірінің жанындағы бос жерде оның 33 жастағы танысы олардың арасында кенеттен туындаған жанжал кезінде ас үй пышағымен дене жарақатын салғаны белгілі болды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде шабуылдаушы өз кінәсін мойындамады. Ұсталған азамат қамауға алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 106-бабы 1-бөлігі - денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ШҚО ЖПҚ баспасөз қызметі