«Жоғарғы Сот Төлешовтің (билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін сотталған, Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі) активтерін (Шымкенттегі балабақша және Сарыағаштағы профилакторий) заңсыз қайта ресімдеудің күшін жою туралы прокуратураның кассациялық өтінішхатын қарауда», - делінген Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия таратқан ақпаратта.
Сонымен қатар комиссияның атап өтуінше, Жоғарғы сот сатысына олигополиялардың пайдасына қабылданған сот актілері бойынша 4 наразылық келтірілді. Оларды қайта қарау мемлекетке 30 млрд теңгеге жуық залалды өтеуді көздейді.
Фото: politic.kz