USD474.83EUR515.38RUB5.5

Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесі тәркіленбек

18 шілде 2022, 11:24
- Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың жер учаскесін тәркілеу үшін іс қозғалды. Бұл туралы Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.
Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесі тәркіленбек

Комиссия ақпаратына сәйкес, бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғасуда. Бүгінгі таңда осындай 36 объект анықталған. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу үшін атқарушылық іс қозғалған. Бұдан өзге, комиссия монополиясыздандыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстырдың нәтижесіне тоқталды.

Оған сай қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) сияқты компаниялардың қаражаты мен акциялары мемлекетке берілген. Бұл активтердің сомасы шамамен - 200 млрд теңге. Бұған қоса, таяуда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекетке қайтарылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar