Қасіреттің алдын алу үшін, ТЖД өкілдері кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға кеңес береді. Сонымен қатар барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қоюды ұсынады.
Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
Егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және балкон есігін ашпаңыз. Жоғарғы желдеткіштерді немесе тік желдету режимін пайдаланыңыз. Бала терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет.
Балалардың өмірін аман сақтайық!
Фото: kzvesti.kz