USD491.71EUR529.97RUB5.05

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсуде

14 шілде 2022, 14:46
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес кірістердің өсуі функционалдық блоктар бойынша коэффициенттердің ұлғаюы есебінен болды.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңімен өсуде

Оның ішінде:

- "негізгі персонал" В блогы бойынша (әртістер, режиссерлер, кітапханашылар, мұражай қызметкерлері және т. б.) – жеке санаттар,

- "Әкімшілік персонал" С блогы бойынша (бухгалтер, экономист, редактор және т. б.) – жеке санаттар,

- "көмекші персонал" Д блогы бойынша (мұражай қараушысы, хатшы, күзетші және т. б.),

- барлық санаттағы жұмысшылар.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап "Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезінде берілген ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, мәдениет саласындағы азаматтық қызметшілердің барлық санаттарының жалақысы республикалық бюджет есебінен 30%-ға өсті.

Алайда, 2019 жылы облыс бойынша мәдениет қызметкерлері жалақысының төмендігі өзекті болып қала берді: 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының өсуі ғылыми қызметкерлер мен негізгі персоналдың жекелеген санаттарына, шаруашылық бөлімшесінің меңгерушілеріне (әкімшілік персоналға) әсер еткен жоқ.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2020 жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын арттыруды тапсырды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы басқарушылық (А блогы) және негізгі мәдениет персоналы (В блогы) қызметкерлерінің лауазымдық жалақысынан 35% мөлшерінде қосымша ақы белгілеу есебінен ұлғайтылды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы Азаматтық қызметшілердің барлық санаттары бойынша, оның ішінде лауазымдық жалақыға 1,23 коэффициентіне есептегенде барлық разрядтағы жұмысшылар бойынша өсті.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметі азаматтық қызметшілердің барлық санаттары бойынша, оның ішінде барлық разрядтағы жұмысшылар бойынша 2023, 2024 және 2025 жылдарға арналған лауазымдық айлықақыларына тиісінше 1,45, 1,71 және 2,0 коэффициенттерге есептегенде мәдениет саласы қызметкерлерінің жоспарланған 2023, 2024 және 2025 жылдарға арналған жалақысын арттыруды бекітті.

Осылайша, мәдениет саласы бойынша 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейін азаматтық қызметшілердің орташа айлық жалақысының өсуі, мысалы, біліктілігі жоғары деңгейдегі (В2-1) негізгі персоналдың (әртіс) соңғы 4 жылда жоғары санатты қызметкерлердің орташа айлық жалақысының өсуі:

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап:

Облыстық деңгейдегі мәдениет саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі (В2-1) (әртістер) негізгі персоналдың азаматтық қызметшілерінің орташа айлық жалақысы 25 жылдан астам жұмыс өтілімен артып, 127,2 мың теңгені құрады.

2019 жылғы 1 маусымнан бастап:

Облыстық деңгейдегі мәдениет саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты (В2-1) негізгі персоналдың 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар азаматтық қызметшілерінің орташа айлық жалақысы 155,6 мың теңгені құрады.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап (35%):

Облыстық деңгейдегі мәдениет саласындағы біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты (В2-1) негізгі персоналдың 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар азаматтық қызметшілерінің орташа айлық жалақысы 188,9 мың теңгені құрады.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап (1,23):

Облыстық деңгейдегі мәдениет саласында 25 жылдан астам жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты (В2-1) негізгі персоналдың азаматтық қызметшілерінің орташа айлық жалақысы өсіп, 232,1 мың теңгені құрады.

Театрлар мен филармония әртістерінің орташа айлық жалақысының өсуі 2019 жылдан 2022 жылға дейін 104,9 мың теңгені құрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar