
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясы арқылы жалған құжаттармен Мемлекеттік шекараны кесіп өту әрекеті кезінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімов ұсталды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің телеграмм-каналындағы хабарламасында.
Нұрлан Мәсімов аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны - ірі пара алғаны үшін іздестірілді. Павлодар облысының бұрынғы полиция басшысы тұрған жері туралы ақпарат үшін Антикор 12,7 млн теңге көлемінде сыйақы беруге уәде берді.
ФОТО: rus.azattyq-ruhy.kz