USD523.58EUR549.71RUB5.01

ШҚО полицейлері ірі есірткі арнасын жойды: Өзбекстан азаматы ұсталды

14 шілде 2022, 09:47
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді. Жедел тексеру нәтижесінде есірткіні өткізу процесіне жастарды іздеу және тарту үшін елдің шығысына келген 26 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды.
ШҚО полицейлері ірі есірткі арнасын жойды: Өзбекстан азаматы ұсталды

Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын "альфа-PVP" психотропты зат тәркіленді.

ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов атап өткендей: «ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралармен 1 600-ден астам бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді».

Осы баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

ШҚО ПД Баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar