USD474.83EUR515.38RUB5.5

Шаруа қожалығынан 9 млн теңгенің мүлкін тонап кеткен ер адам ұсталды

12 шілде 2022, 09:51
– Абай облысы Бесқарағай ауданында шаруа қожалығынан 9 млн теңгенің мүлкін тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шаруа қожалығынан 9 млн теңгенің мүлкін тонап кеткен ер адам ұсталды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бесқарағай ауданында полиция қызметкерлеріне жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің 64 жастағы иесі жүгінген. Өз сөзінде ол бетон бұйымдарының ұрланғанын жеткізді.

«Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреулер 10-25 маусым аралығында Ерназар ауылының маңындағы қожалық аумағынан 16 бетон фундаментін, 6 тіректі және бетоннан жасалған 7 арқалықты ұрлап кеткен. Осының салдарынан келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 9 300 000 теңгені құрады», - делінген ақпаратта.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер күдікті ретінде 49 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.



 



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar