USD474.83EUR515.38RUB5.5

ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген 18 жастағы жігіт қолға түсті

12 шілде 2022, 09:48
– Шығыс Қазақстан облысында халықаралық іздеуде жүрген 18 жастағы жігіт полиция қызметкерлерінің қолына түспес бұрын тағы бірнеше қылмыс жасап үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО-да халықаралық іздеуде жүрген 18 жастағы жігіт қолға түсті

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 25 мамырында Алтай аудандық полиция бөліміне пробация қызметінен жасырынып жүрген 18 жастағы қылмыскерге іздеу жариялау туралы қаулы шығарылды.

«Оған 2022 жылдың басында қылмыс жасағаны үшін ШҚО №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда жас жігіт тұрғылықты мекенжайында үнемі болмай, пробациялық бақылаудан қасақана жасырынды. Соған байланысты Алтай тұрғынына мемлекетаралық іздеу жариялау туралы шешім қабылданды», - делінген ақпаратта.

Ер адам іздеуде болған уақыт ішінде бірқатар қылмыс жасаған. Атап айтқанда, ақша мен ұялы телефондарды ұрлап, өзгенің көлігін айдап кетті. «Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Айбек Түсіпханов Алтай қаласындағы Хамир өзенінің жағасында жасырынып жүрген қылмыскерді ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

 Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық), 188-бабы (ұрлық) және 200-бабы (көлікті айдап кету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar