Жастар қанатына төрайым болып «Ауыл» партиясының белсенді мүшесі Ақнұр Қайратқызы Қайратова тағайындалды.
Сондай-ақ, ұйымдастырушы ретінде Қыдырбек Әлішер бекітілсе, хатшы болып Байгалиева Аида бекітілді.
Партия жарғысының негізінде, Жастар қанаты Орталық аппаратпен бекітілген бағдарлама бойынша жұмыс жүргізетін болады.
Қазіргі таңда Жастар қанатында отызға жуық жастар жұмыс жасауда, болашақта белсенді жастардың басын біріктіріп жастар үшін тың жобалар жасау жоспарлануда.