Шетелдіктерді тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың мекен-жайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыс жүргізуде, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Максим Пупков.
5 шілдеде көші-қон қызметінің қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының 5 азаматын анықтады, олар сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шетелдіктерге Қазақстан Республикасына кіру 5 жыл мерзімге жабық, - деп жалғастырды Максим Пупков.
Жұмыс берушіге қатысты шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін материал ҚР ӘҚ туралы Кодексінің 519-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына жолданды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі