Алайда, қырағылық танытқан бақылаушылар бөлімінің бакылаушысы қылмыскердің қитұрқы әрекетін тексеру пунктiнде әшкерелеп қойды. Скотчпен бiлiнбей оралған сүттi иiскеп тексеру барысында откір бөгде иiстiн бары да белгілі болды. Ол лезде сот медициналық сараптамасына жөнелтiлген және қортындысы бойынша спирттік iшiмдiк екенi анықталды.
-" Айта кетсек, мекемеде кобінесе жол апаты мен мас күйде рөлге отырған сотталғандар жазаларын өтеуде. Сотталғандар қаладағы 20ға жуык ірі және шағын жұмыс ошақтарында келісімшарт бойынша қызмет iстеуде. Осы жұмыс арқылы олар оздерiнiң айыппұлдарын, талап-арыздарын және алименттерiн өтеп қана қоймай, отбасыларына да көмектесiп жатады. Алайда, осындай қадамнан кейiн бұл сотталғанға қызметкерлерден құралған комиссия мүшелерi арқылы тиiстi жаза колданылатын болады. Ұсталған сотталған өз кiнәсiн мойындап, ендiгi мұндай қадамға бармайтынын жеткiздi. Жұмыстан қайтып тексеру пунктiнде ұсталған жағдай осы жылда бiрiншi рет тiркелiп отыр " - деп түсіндірді мекеме бастығы әдiлет подполковнигi А.Б.Нурбеков.