Акция басталғаннан бері азаматтардан 5 өтініш келіп түсті. 7 бірлік атыс қаруы өз еркімен тапсырылды (5 тегіс ұңғылы - 1 санат бойынша 2 бірлік қару, 3 санат бойынша 3 бірлік қару; 2 ойық қару - 3 санат бойынша). Жалпы төлем сомасы 358 371 теңгені құрады.
Тапсырылған әрбір қару түрі бойынша криминалистік сараптама жүргізіледі, одан кейін қару санаты айқындала отырып қорытынды беріледі. З
ал қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсыруды қарудың түрі мен санатына байланысты республикалық бюджеттен төлеу көзделеді, ол 10-нан 100 АЕК-ке дейін құрайды.
Семей қ. ПБ полиция қызметкерлері өз еркімен тапсырылған қару үшін оның иесі ақша алып қана қоймай, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен де құтыла алатынын еске салады.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі