USD523.58EUR549.71RUB5.01

Семейде 3 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

07 шілде 2022, 17:11
– Семей қаласында 3 жасар бала сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семейде 3 жасар бала сегізінші қабаттан құлап кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 6 шілде күні сағат 13.00 шамасында Сорокин көшесінде болған. 3 жасар бала көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатында орналасқан пәтердегі ашық терезеден құлап кетті. Сол бөлмеде болған анасы кіші баласын тамақтандырып жатқан. Оның айтуынша, ұлы терезе үстінде ойнап тұрған. Қазір сәби ауруханада жатыр. Жағдайы ауыр. «Көп жағдайда балалардың терезеден құлау себептері - терезе ашық үйде қараусыз қалу, терезеде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін арнайы темір тордың және өзге де құрылғылардың болмауы, үстелдің, орындық пен диванның терезеге жақын тұруы. Сондай-ақ қорғаныш болып көрінетін москит торлары да үлкен қауіп төндіреді», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar