USD524.65EUR552.19RUB5.14

Электрондық еңбек шарттары туралы жұмыс беруші не білуі керек

05 шілде 2022, 18:45
2020 жылдың 4 мамырында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылып, атап айтқанда ҚР Еңбек Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Электрондық еңбек шарттары туралы жұмыс беруші не білуі керек

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23 бабының 2 тармағы 27 тармақшасына сәйкес, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізу жұмыс берушінің негізгі міндеттері болып табылады.

2022 жылдың 1 шілдесінде «ТМТ Компани» ЖШС-не Семей қаласы бойынша Еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің мамандары О. Айтуаров, Т. Амиртаев және Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы М. Жунисовамен Еңбек электрондық биржасына электронды еңбек шарттарын енгізу туралы (hr.enbek.kz) түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмыстары барысында электронды еңбек шарттарын енгізу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Семей қаласы бойынша еңбек заңнамасын бақылау бөлімі (56-15-34) немесе Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне (52-12-04) хабарласуға болатыны айтылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar