"Нелегал-2022" жедел алдын алу іс-шарасын өткізудің 4 күні ішінде шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 7 жұмыс беруші, шетелдік азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 30 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, осы іс-шараны өткізудің 4 күні ішінде болу ережелерін бұзғаны үшін белгіленген мерзімнен артық аумақта 81 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 12 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Сонымен қатар, шетелдіктердің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін оларды қабылдаған 46 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Нелегал-2022" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Өзбекстан азаматының (сөздерінен) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ екені анықталды, осыған байланысты аталған азамат жеке басын анықтағанға дейін Семей қ.ПБ Қабылдау-тарату орнына қамалды.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметі