Айта кету керек, мұндай жағдайлардың алғышарттарын тудыратын факторлардың бірі - "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заңның (30.12.2021 ж.) дұрыс орындалмауы.
Бүгінгі күні Семей қаласының учаскелік полиция инспекторлары халықпен жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру, үй жануарларын ұстау және серуендету бөлігінде жануарларға жауапты қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік туралы профилактикалық әңгімелер жүргізеді, ол үшін ӘҚБтК 407-2-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.
Аталған бұзушылықтар 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап учаскелік полиция инспекторлары ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша 61 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Семей қ. ПБ басшылығы азаматтарға жергілікті атқарушы және өкілетті органдар бекіткен үй жануарларын серуендету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін сақтау туралы өтініш білдіреді.