
ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қатаң режимдегі ОВ 156/14 колониясында сотталғандар жұмыспен қамтылып, жалақы алуда. Олар көптің қызығушылығын тудырып жатқан эко-ойыншықтар жасаумен айналыса бастады.
«Сотталған азаматтар өндірістік цехта экологиялық таза материалдан балаларға арналған ойыншықтар жасауда. Бұл ойыншықтарды әрбір ата-ана жоғары бағалайды. Себебі, құрамында улы компоненттері жоқ гипоаллергенді материалдардан жасалатын олар балаға өте пайдалы. Қолмен ұстағанға жағымды, әрі әдемі көрінеді», - делінген ақпаратта.