Қала әкімдігінде түсіндіргендей, қант жеткізудегі іркілістер өндіруші зауыттардың өнімді жөнелту проблемаларымен байланысты. Зауыттардың басшылығымен қантты қаланың көтерме жеткізушілеріне дереу жөнелту бойынша жұмыс жүргізілді. Қантпен жағдайды тұрақтандыру үшін 5 шілдеде "Ермекова" ЖК көтерме фирмасына (қант орталығы) қант вагоны келіп түседі, ол қаланың сауда кәсіпорындарына жеткізіледі. 20 шілдеге дейін тағы үш вагон қант жеткізіледі деп күтілуде.
Сонымен қатар, қосымша қант жеткізу туралы сұраныс аймақтық тұрақтандыру қорына жіберілді.