USD446.49EUR475.38RUB4.79

СЕМЕЙЛІК ТІЛШІЛЕР ОҚУШЫЛАР ЕҢБЕГІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

30 маусым 2022, 15:40
“Туған елге тағзым” өлкетану - зерттеу экспедициясының аясында Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Туған қалам - Семейім” атты конференция өтті. Шаһарымыздағы ауа мен Ертіс өзенінің ластануы, қоқыс мәселесі жайлы өткір сұрақтар сөз болған жиынға жергілікті ғалымдар, ірі өнеркәсіп өкілдері мен журналистер қатысты.
СЕМЕЙЛІК ТІЛШІЛЕР ОҚУШЫЛАР ЕҢБЕГІНЕ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Қонақтарға зерттеу барысында анықталған фактілерді дәлелді келтіре білген шәкірттеріміз өздерінің ізденімпаз, ұлтжанды, еңбекқорлығымен тәнті етті.

- Сіздердің көтеріп отырған мәселелеріңіз жайлы осы залда отырған әріптестерімнің қалам тербемегені кемде-кем. Енді міне, қала үшін “бас ауыртатын” ортақ проблемаға сіздердің үн қосып отырғандарыңыз бізді ерекше қуантады. Біз біріксек қана оң нәтижеге қол жеткізе аламыз. Сіздердей талантты жастарды қолдауға әрқашан дайынбыз,- деді республикалық “Спектр” газетінің  тілшісі Айман Шарипханова.

Конференция аясында еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында ұзақ жылғы әріптестік еңбектері үшін журналистерге “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ, мектеп әкімшілігі атынан Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Лайықты құрметке ие болғандар арасында “Qazaqstan” ҰТА облысымыздағы тілшісі Ержан Жақып, «Хабар 24 kz» арнасының облысымыздағы тілшісі Әсем Өтешова, “Спектр” газетінің тілшісі Айман Шарипханова, «Arnapress.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Раушан Мусина, “SemeI” телеарнасының тілшілері Аслан Ертісбаев, Азамат Кәлімбеков, “Ертіс өңірі” газетінің дизайнері Айнұр Дүйсенғазықызы, “Рудный Алтай” газетінің облысымыздағы тілшісі Екатерина Гуляева сынды өз ісінің хас шеберлері болды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar