USD448.15EUR483.46RUB4.86

ҚАЛА ӘКІМІ БАҚЫТЖАН БАЙАХМЕТОВ ТІЛШІЛЕР ҚАУЫМЫН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

30 маусым 2022, 15:35
Бақытжан Байахметов тілшілер қауымын төл мерекелерімен құттықтады
ҚАЛА ӘКІМІ БАҚЫТЖАН БАЙАХМЕТОВ ТІЛШІЛЕР ҚАУЫМЫН ТӨЛ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қала әкімі Бақытжан Байахметов қаламыздағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін мерекелерімен  құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Тілшілер қауымының қызығы мен қиындығы көп жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да жағымды жаңалықтардың жаршысы болып жүріңіздер деп тілегін айтты. Ақпарат айдынында үнемі жаңалықтарымен бөлісіп, халық пен билік арасына алтын көпір болып жүрген жас журналистерден бастап, аға буын өкілдеріне дейін арнайы қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Сонымен қатар, қала әкімі Бақытжан Байахметовтың арнайы «Құрмет» грамотасымен «ТВК-6» телекомпаниясының бас редакторы Дүйсенбек Жақсыбаев және «Қалаға сіңірген еңбегі» үшін медалімен әріптесіміз Маргарита Калачян марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar