Төртінші билік екенімізді мойындайтын уакыт келді. Жаңа Қазақстанды журналистерсіз құру мүмкін емес. Ел мүддесі жолында аянбайтын бір қауым бар болса, ол әрине – журналистер!
Билік журналистер мен бірлесіп қоғамды бірге түзеп, өзекті проблемаларды бірге шешіп, Жаңа Қазақстанды бірге құруға дайын болса, журналистер қашан да дайын әрі басты мұраты да сол. Сондай-ақ, баспасөз – ұлттың бет-бейнесін қалыптастырушы құрал.
Журналистің ел мен халық мүддесі үшін бір ғана қажеті – ол сөз еркіндігі, Конститутция мен бекіген сөз бостандығы. Қала-мының ойының, сөзінің еркіндігі жасасын журналистер қауы-мының!
Айтпақшы, журналистің “Арқалағаны-алтын, жегені – жантақ” (Шерхан Мұртаза ) Жантақ жедік екен деп жаңалықтан жаңылып, ақпараттан қағылып, жанталаспай жүрген журналистер бар ма осы? Жоқ, мемлекет басшысы айтқандай, журналисттер “Ұлт мүддессін бәрінен биік қойып, ел қамы үшін қалам тартып жүр емес пе”. Олай болса, қаламымыз мұқалмасын, сөзіміз сүрінбесін, әріптестер!
Дүйсенбек ЖАҚСЫБАЕВ