
- Журналист - қоғам жанашыры, заманауи оқиғалар мен тарихи жағдайды объективті түрде қалың бұқараға жеткізе білетін өз саласының майталмандары. Күн сайын мыңдаған баспа және сюжет материалдарды таратып, еліміздің әлеуметтік, саяси және экономикалық тынысынан халықты хабардар етуде. Көп жағдайда журналист материалы басқарушы билік имиджін қалыптастырып, көптеген түйткілді ой түйіледі. Президентіміз ұсынған “Жаңа Қазақстанда” бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айшықталып, халық таңдауы болған тарихи процестерді салиқалы жеткізу де журналистер құзіретінде. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Қаламдарыңыз қарымды, ойларыңыз ұшқыр болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді аймақ басшысы.
Осы орайда біздің «ТВК-6» телекомпаниясының басшысы, облыстың Құрметті азаматы Омарбек Қазанғапұлы Байуақов мырза да аймақ басшысының құрметіне бөленді.