Сізге ҚР ІІМ Ішкі істер органдарының қызметкері болып қоңырау шалады. Бұл жағдайда олар өз қызметін атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің аты-жөнін, толық мәліметтерін атайды. Олар Интернет-алаяқтарды ұстау бойынша жұмыс жүріп жатқанын және сіздің атыңыздан несие алғысы келетінін айтады.
Алаяқтарды қолға түсіру үшін "сенімді құжаттарды" (банк деректемелері мен электрондық қолтаңбалары бар жалған бланкілер) және ақша аудару шоттарын ұсына отырып, несие рәсімдеуді ұсынады. Сонымен бірге олар қылмыскер сіз аударған ақшаны алған кезде ұсталатынын сендіреді.
Сақ болыңыз және алаяқтардың айла-амалдарына түспеңіз!!! Егер сіз интернет-алаяқтардың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, " 102 " арнасына қоңырау шалыңыз.
фото: novostivi.ru