USD476.01EUR490.15RUB7.81

Семейде өзенге секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды

27 маусым 2022, 11:30
- Семей қаласының құтқарушылары Ертіс өзені бойын патрульдеу кезінде батып бара жатқан қызды байқап, оны аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семейде өзенге секіріп кеткен бойжеткен құтқарылды

«Семей қаласының құтқарушылары Ертіс өзені (Шоқан Уәлиханов пирсі) бойын Пристань ауданында патрульдеу кезінде батып бара жатқан қызды көріп, оған көмекке келді. Қайықпен жақындап, бортқа көтеріп, жағаға шығарды. Қызды жедел жәрдем қызметкерлеріне табыстап, олар медициналық көмек көрсетті. Оқиға орнына келген туыстарының айтуынша, 1999 жылы туған қыз өздігімен Ертіс өзеніндегі бетон плиталарынан суға секіріп кеткен. Бұл әрекетінің себебі белгісіз», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.



Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2022
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar