
Бастапқыда жоба басқадай болған. Онда абаттандырылған үй иелігі үшін – 475,14 теңге абаттандырылмаған үшін - бір тұрғыннан айына 553, 22 теңге, жеке және заңды тұлғалар үшін 1 м3 - 2676 теңге болған.
Талқылау барысында әкімдік ұсынған соманы өзгерту туралы шешім қабылданды. Абаттандырылған үйлер үшін тарифке түзетулер енгізілді, ол 55 теңгеге азайтылды.
24 маусымда депутаттарға бекітуге келесі сандар шығарылды:
абаттандырылған үй иелігі үшін - бір тұрғыннан айына 420 теңге;
абаттандырылмаған үшін - бір тұрғыннан айына 553, 22 теңге.
Бұл жолы тек халық үшін тарифтер бекітілгенін атап өтейік. Депутаттар бұл жобаны бірауыздан мақұлдады.