Бұл ереже бұзған жүргізушілерді жауапкершіліктен босатудың заңсыз жүйесіне айналғандығын ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу барысында анықтады.
Сонымен қатар, талдау барысында көліктік бақылау инспекциясы тексеру шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды. Атап айтқанда, көліктік бақылау инспекциясының инспекторлары көліктерді тоқтату және қажетті құжаттарды сұрату процесін ғана бейнежазбаға түсірген, бақылау рәсімінің өзін түсірмеген. Қолда бар 289 бейнежазба бойынша күндер мен уақыттарда сәйкессіздіктер анықталды.
Талдау барысында қаралған, тұрғындар үшін тағы бір өзекті мәселе – автокөліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізу. Техбайқау елімізде жүргізіле бастаған сәтінен бастап үнемі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері орын алуда.
Қазақстанда жеңіл автокөлік үшін міндетті техникалық байқауды өткізу қағаз жүзіндегі рәсімге айналды. Жалпы, автокөлік иелері өз көлік құралдарының ақауларын диагностикалаумен және жөндеумен айналысады. Көлікті техникалық жарамды күйде ұстау жөніндегі міндет «Жол жүрісі туралы» Заңның 49-бабының 2-тармағында да бекітілген.
2022 жылдан бастап Ресей Федерациясында жеңіл автокөліктерді техникалық байқау тоқтатылды. Олардың пікірінше, жол-көлік оқиғаларында техникалық ақаулары бар жеңіл автомобильдер мен мотоциклдердің қатысу ықтималдығы төмен 1,1 және 0,7%. Осыған ұқсас себептер бойынша техникалық байқау Қытайда, Австралияда және Американың бірқатар штаттарында жоқ.
Осыған байланысты Көлік комитетіне ІІМ-мен бірлесіп, жеңіл автокөліктерді міндетті техникалық байқаудан өткізудің қажеттлігіне қатысты мәселесі қарау туралы ұсынымдар берілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық көліктік бақылау инспекциясының қызметінде 35 сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтады, оларды жою бойынша 40 ұсыным енгізілді. Осы талдаудың нәтижелері ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерінің назарына жеткізілді.