
Ведомство дерегіне сай, көлік нөмірлеріндегі өңірлерлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі. «Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлерлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19,Ұлытау облысы - 20», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі. Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.