- Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2020 жылғы 20 шілдедегі № 88-r «Жоспардан тыс тексеру жүргізу туралы» өкімі негізінде, Мемлекеттік еңбек инспекциясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы «Semey Bus» ЖШС-де С.Т.Жақиянов пен А.С.Тоғаевтан және ұжымнан (40 адамнан) келіп түскен арызға байланысты жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзушылықтарға байланысты «Semey Bus» ЖШС әр кешіктірілген күн үшін қызметкерлерге 4 522 887 теңге көлемінде өсімпұл, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы 41 760 теңге, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы 830 841 теңге, 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейінгі кезеңдегі жалақы берешегі (43 қызметкер) 878651 теңге төлеуге және үстеме жұмыс, мереке және демалыс күндеріне ақы есептеп төлеуге міндеттелді, - деді Қайрат Аблқайров.
Айта кетейік, «Semey Bus» ЖШС-нің қызметкерлер алдындағы жалпы қарызы 6 274 139 теңгені құрайды. Тексеру барысында ҚР еңбек заңнамасының (еңбекақы, үстемақы төлемдерін толық есептемеу, еңбекке жарамсыз парақтары бойынша төлемдерін жүргізбеу т.б.) бұзылғандығы анықталды. Енді заң бұзушылықтарды 2020 жылдың 31 тамызына дейін жою туралы мемлекеттік енбек инспекторлардың нұсқамасы беріліп, заңды тұлға 120 ЕКМ (333360 тенге) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.