USD484.37EUR531.06RUB5.05

Семей тері-былғары комбинаты қайта жұмысқа кірісті

13 тамыз 2020, 14:20
Семей тері-былғары комбинаты өнімінің алғашқы партиясы шығарылды.
Семей тері-былғары комбинаты қайта жұмысқа кірісті

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы аталмыш кәсіпорын банкротқа ұшыраған болатын. Ал 2020 жылдың 27 шілдесінде жұмысы қайта жандана бастады.

Жалпы бұл комбинат еліміздегі тері өңдеп, эскпорттайтын бірегей нысандардың бірі. Құрамында толық циклды үш зауыт бар. Бірі былғары, екіншісі қой терісін өңдейді. Үшіншісі – тігін цехы. «Қарапайым заттар экономикасы» аясында аталмыш комбинат нарықты дайын тері-былғары өнімдерімен қамтамасыз ете алады.

Сөз басында айтқанымыздай, 2019 жылдың 24 шілдесінде кәсіпорын банкрот болды. 2019 жылдың қараша айында комбинаттың жылжымайтын мүлігі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның жекеменшік құқығына берілді. Алайда кәсіпорын мал шаруашылығын дамыту саласында ірі қара мал терісі мен былғары өңдейтін жалғыз өндіруші ретінде маңызы рөл атқаратын. Кәсіпорынның былғары өндіру саласын дамытудағы маңызын ескерген ШҚО әкімдігі Индустрия дәне инфрақұрылымды дамыту министрлігімен және қормен бірлесіп, комбинат жұмысын жандандыру үшін инвестор іздеп, жаңа жұмыс орындарын құруды қолға алды.

2020 жылдың мамырында «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ меншік иесі «KustoGroup» халықаралық компаниясымен келісімшарт жасасты.

Осылайша, 2020 жылдың 27 шілдесінде кәсіпорын қайта іске қосылды. Бүгінгі күні кәсіпорындағы тиісті жұмыстар аяқталып, 3000 шаршы метрден астам дайын өнімнің алғашқы партиясы шығарылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar