
Өткен аптада экологтар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілердің тобы Алакөл жағалауын, Шүлбі су қоймасы мен Ертіс жағасын тазалап, 80 текше метрге жуық қоқыс шығарды. Сондай-ақ мамандар аумақты абаттандыру ережелерін бұзған, рұқсат етілмеген жерде шомылған және қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкен – жалпы саны 10 адамды жауапкершілікке тартты.
– Аудан әкімдеріне қоқыс контейнерлер орнатып, от жағатын жерлерді белгілеп, тазалық жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу туралы ұсыныс жасалды. Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыларды бақылауды күшейтуі тиіс, – деп мәлімеді облыстық экология департаменті.
Айта кетейік, рұқсат етілмеген қоқыс орындары туралы ақпаратты департаменттің WhatsApp-тағы 8-775-952-49-00 нөміріне фото немесе видео материал ретінде жолдауға болады