ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің ақпараты бойынша, 3 шілдеде мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына мемлекеттік қызметкерлер де қосылды.
Ведомствода атап өткендей, бүгінде Шығыстағы ауылдарда 2251 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді және 393 жұмыс орны бос тұр.