-Бүгінгі таңда біз Семей қаласы бойынша көше жарығын модернизациялау жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Жоба аясында шаһарымыздың 140-қа жуық көшелеріне 7659 жарық шам орнатылмақ. Ал жобаның бас мердігері - тайвандық Everlight халықаралық компаниясы. Мердігер компания қалаға жаңа заман талабына сай жарық диодты шамдарды орнатпақ. Компанияның бұл саладағы тәжірибесі мол. Қаламыз бойынша толықтай заманауи жарық диодты шамдар орнатылатын болады. Жоба бойынша, орталықтандырылған диспетчерлік жүйе қарастырылған. Әр көше осы орталық арқылы жұмыс істейді. Ол жерде отыратын оператор, қай көшеде шам жұмыс істемейтінін анықтайды. Осы жылдың соңына дейін 3200 шамды 40 көшеде орнатамыз. Тайваньнан елімізге 3000-нан астам жарық шам әкелінді. Олар қазір Алматыда, жақын уақытта қаламызға әкелінеді, -дейді сектор меңгерушісі.