Азық-түлік өнімдерінің аймақтық тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес қала үшін 100 тонна макарон, 204 тонна күріш, 30 тонна қарақұмық сатып алынды.
Тауарлар белгіленген бағамен сатылады, атап айтсақ: макарон килограм үшін 194 теңге, күріш - 281 теңге, қарақұмық - 290 теңге. Кәсіпкерлік бөлімінде айтылғандай, бұл қадам әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаның негізсіз өсуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Бүгінде бұл өнімдер қала дүкендерінде сатылуда. Бастапқыда қала әкімшілігі он сауда нүктесімен меморандум жасаған. Қазір 28-і мен келісім бар. Мамандардың айтуынша дүкен сөрелерінде бірінші сұрыпты әлеуметтік ұн қойылмақ. Оның нақты қашан, қандай бағамен шығатыны әзірге белгісіз.