USD523.58EUR549.71RUB5.01

Карантин жағдайында кәсіпкерлікті қолдау.

06 тамыз 2020, 14:04
Карантинмен шектеу шаралары шағын және орта бизнес саласына айтарлықтай әсер етті. Дегенмен, қиын сәтте кәсіпкерлікті қолдау үшін де тиісті жағдай жасалды. Осы уақытқа дейін ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалына облыстың әр түкпіріндегі кәсіпкерлік субъектілерінен 1200-ден астам өтініш келіп түскен. Мәселелердің көбі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешілді.
Карантин жағдайында кәсіпкерлікті қолдау.

Жалпы жүйелі сұрақтар орталық аппараттың қаралуына жіберілді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Оның ішінде әкімшілік кедергілерді азайту мәселесі де бар. Карантинге байланысты шығынға ұшыраған кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделері барынша қорғалуда. Сондай-ақ несиелерін өтеумен жалға алу міндеттемелері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ палата филиалы өкілдерінің араласуымен көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге шыққан 130-дан астам бақылау өткізу пунктерінен жасыл дәліз арқылы өткізілді. Егін салу науқаны кезінде жанар-жағармай бағасын қымбаттатпау мәселесі де оң шешімін тапты. «Бастау бизнес» жобасы бойынша, оқыту онлайн тәртіпте жүзеге асырылады. Комиссияға өз жобасының маңыздылығын дәлелдеген жоба қатысушысы еңбек бағдарламасы бойынша 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі грантқа ие болады. Сонымен қатар бизнестің 2020 бағдарламасы бойынша 2-ден 5 миллион теңгеге дейінгі грантқа өтініш бере алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar