Жуырда іскер әйелдердің бастамасымен «Рамадан жанашыр арулар» қоры құрылған. Мақсаты көмекке зәру жандарға қол ұшын беріп, қолдау көрсету. Құрамында бизнес саласында табысты еңбек етіп жүрген 50-ден астам адам болса оның ішінде көпбалалы аналарда бар. Игі бастаманы бастаған олар қорға ақша жинап мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек көрсетті. Акцияға тек, Семей қаласының ғана емес, еліміздің өзге қалаларынан да кәсіпкерлер атсалысқан. Қор мүшелері атап өткендей тиісті азық-түлікпен дәрі-дәрмекті алып кету үшін арнайы орын белгіленген. Азық-түлік қоры бір айға жетеді,-дейді ұйымдастырушылар. Алғашқы медициналық көмек ретінде берілген дәрі-дәрмектің ішінде вирусқа және суық тиюге қарсы, ыстық түсіретін және өзгеде аса қажетті препараттар бар. Жанашыр арулардың игі істеріне көптеген аналар ризашылығын білдірді. Қайырымдылық акциясы аясында барлығы 100 адамға азық-түлікпен дәрі-дәрмек табыс етілді. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша бұл бір реттік шара емес, алдағы уақытта індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерге арналған акция өткізу көзделіп отыр.
29 қараша 2024, 16:54
29 қараша 2024, 12:03
29 қараша 2024, 10:17
29 қараша 2024, 10:14
28 қараша 2024, 15:13
27 қараша 2024, 15:10
27 қараша 2024, 11:34
26 қараша 2024, 16:04
25 қараша 2024, 11:09
25 қараша 2024, 10:26
22 қараша 2024, 10:51
22 қараша 2024, 10:44
20 қараша 2024, 15:03
20 қараша 2024, 14:59
20 қараша 2024, 14:56