Сонымен қатар, кітапханашы биылғы жылы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың 80 жылдығын атап өткенін, Елбасының еліміздің саяси және мәдени өміріне қосқан зор үлесі, әсіресе қазақ жеріндегі ядролық жарылыстарды тоқтатудағы рөлі ерекше екенін, ол бүкіл әлемде ядролық сынақтарды тоқтатудың бастамашысы болғанын атап өтті. Жалғасында көрермендер назарына үлкен саңырауқұлақ тәрізді бұлттың пайда болуын байқауға болатын сынақтар туралы бейнероликтер ұсынылды. Келесі бейнероликте ШҚО-да қатерлі ісік, жүйке-психикалық, жүрек-қан тамырлары, тері, аллергиялық аурулардың қарқын ала бастағаны және де Семей полигоны жүздеген адамның өмірін жалмағаны айтылды.
Сабақ соңында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы және Семей полигоны туралы, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың әлемдегі ядролық сынақтарға қарсы бағытталған қозғалыстардағы рөлі туралы кітаптар мен мақалалар ұсынылған «Ядролық сынақ жойылсын!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.