USD484.37EUR531.06RUB5.05

Карантин талабын 4000-нан астам адам бұзған.

23 шілде 2020, 14:15
138 медицина саласының қызметкері дәрілік заттарды заңсыз сатқан. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Президентіне дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың жолын кесу және карантин шараларын бұзу фактілері туралы баяндады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Карантин талабын 4000-нан астам адам бұзған.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен селекторлық кеңесте құқық қорғау, денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдар дәрілік заттар мен медициналық құрал-жабдықтарды сату бойынша құқықбұзушылықтарды анықтауда және оның жолын кесуде тұрақты түрде ведомствоаралық жұмыс жүргізу қажеттігін баса айтты.

Кеңесте Ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев есеп беріп, ІІМ денсаулық сақтау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп,18 мыңнан астам рейд жүргізгені туралы баяндады.

«Көрсетілген кезеңде карантинді бұзған барлығы 4000-нан астам адам анықталып, шара қолданылды. Атап айтқанда мұндай жағдай Алматы қаласында, Ақмола, Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарында көп тіркелді. Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды заңсыз сатудың жолын кесу бойынша (5 шілдеден бастап) ішкі істер органдары заңсыз айналымнан 65 мыңнан аcтам қорап дәрілік препараттарды, жарты миллион медициналық маска мен 36 мың медициналық бұйымды тәркілеген. Олар қымбат бағада сатылған. Сондай-ақ ішкі істер органдары дәрілік заттарды заңсыз сатудың 348 фактісінің жолын кесті. Полицияға 284 адам жеткізілді, оның 138-сі – дәрігер. Дәрі-дәрмектің көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Атырау қалаларында алынды», - делінген оның баяндамасында.

Сонымен қатар Е. Тұрғымбаев ішкі істер органдары жүргізіп жатқан қоғамдық тәртіпті сақтау және қолданыстағы шектеу шараларын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бұл міндеттерді орындау үшін күнделікті 13 000 полицей, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және 1000 ерікті жұмыс істеуде. 4 облыста 2 санитариялық және 9 блок-бекет қойылды. 241 жұқтыру ошағы мен 366 карантиндік нысан қоршауға алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar