
Акция өткізудің бұған дейінгі тәжірибесі көрсеткендей, өзара әрекеттесудің бұл форматы халық үшін өте ыңғайлы. Азаматтар кездейсоқ мәселелерді шешу үшін полиция басшылығымен тікелей кездесе алады.
-Семей қаласында жолдағы қабылдау акциясы өз жұмысын бастағаны туралы айтқым келеді. Адамдар өз мәселелері бойынша, полиция басқармасындағы фрон -офиске жүгіне алады. Онда жергілікті полиция, әкімшілік полиция және көші-қон полициясының басшыларына тікелей өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік болады. Бүгін акция аясында бізге 6 адам келді. Біз оларға проблемалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, - дейді Семей қаласы Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Радик Сайфутдинов.
Сонымен қатар, Семей қаласының тұрғындары үйден шықпай-ақ өз сұрақтарын Семей қалалық полиция бөлімінің басшысы Мақсат Зекеновтың Инстаграм парақшасына жаза алады.