Дегенмен, туу көрсеткіші жыл санап артып келеді. Дәрігерлердің айтуынша, еліміздегі демографиялық өсімге жерлестеріміз де үлес қосуда. Атап өтерлігі Семейде 10 мыңға жуық нәресте өмірге келеді. Мәселен, былтыр қаламызда 8421 бала дүние келген. Биылғы жылдың алғашқы жартысында дүние есігін ашқан сәбилердің 2020-ы ұл, 1939-ы қыз бала. Перенитарлық орталық қызметкерлерінің мәліметінше, өткен жылы қалада 67 егіз туылса, биыл 55 егіз дүниеге келген.
Қазіргі таңда жаһанды жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты перенитарлық орталықтың бір корпусы провизор ретінде пайдаланылуда. Сол себепті, Семей қаласымен қоса өңірлерден келген аяғы ауыр әйелдер осында босанады дейді орталық қызметкерлері. Орталық қызметкерлерінің мәліметінше соңғы 2 айда 75 ананың инфекцияға тексерілуі оң нәтежие берген. Олар арнайы станционарлық провизорда оқшауланып, көбі дені сау бала дүниеге әкелген. Тек үш шақалақтан вирус анықталған. Оның екеуінен ауру белгілері перзентханадан шыққаннан кейін байқалған.
Тағы бір сәби Мақаншыдан санавиацияның көмегімен орталыққа жеткізілген. «Бүгінде оның тиісті ем-дом қабылдауда жағдайы жақсарып келеді»,- дейді дәргерлер.