Жол-көлік оқиғасы 7 шілдеге қараған түнде болды. Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі жолаушы – ер адам және әйел болған. Әйел адам көліктен шығып, жағалауға дейін жүзіп жеткен көрінеді. Оны сол жерден жедел жәрдем дәрігерлері ауруханаға алып кеткен.
Қазіргі уақытта көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі анықталып жатыр.
«Хабарлама шамамен сағат түнге он екі кезінде келіп түсті. Куәгерлер ер адамның «құтқарыңдар» деген даусы естілгенін айтады. Сәлден кейін ол дауыс жоғалып кеткен. Шұғыл-құтқару тобы оқиға орнына барып, ер адамды іздеп жатыр», - деп мәлімдеді Семей қаласындағы ТЖБ.