USD448.15EUR483.46RUB4.86

Шағын және орта бизнестің қызметкерлері 1 қазанға дейін жарналар мен аударымдардан босатылды

07 шілде 2020, 11:28
Қазақстанда шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам қызметкері 1 қазанға дейін медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылды.
Шағын және орта бизнестің қызметкерлері 1 қазанға дейін жарналар мен аударымдардан босатылды

Қызметкерлері МӘМС пакетінен медициналық көмек алу үшін жұмыс берушілері ай сайын 1-қазанға дейін Қорға жалдамалы қызметкерлер туралы ақпаратты беруі тиіс.

Айта кетсек, 1 шілдеде МӘМС жүйесінде қазақстандықтар үшін жеңілдік кезеңі аяқталды. Осы уақытқа дейін барлығы шартты түрде сақтандырылған деп саналды және тиісінше МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмек алуға құқылы болды.

Үкіметтің № 224 «Салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» Қаулысына сәйкес таяудағы үш айда ШОБ 29 санаты ғана жарна төлеуден босатылды, бұл - шағын және орта кәсіпорындардың 800 мыңнан астам қызметкерлері.

Осы ретте жеңілдік кезеңін ұзарту - шағын және орта кәсіпорындарды қолдау шарасы болып табылады. Яғни, бұл кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысынан салық пен аударымдарды ұстамайды, бірақ олар медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады.

Одан бөлек, МӘМС үшін жарналар осы жылдың наурыз айында эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне төленетін үстемеақылардан ұсталынбайды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar