Акция аясында «Nur Otan» партиясы мен Тұңғыш Президент қоры коронавируспен күрес жағдайында тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға қаржы бөлді.
Шектеу шаралары нәтижесінде жұмыстары тоқтап, кірістері төмендеген халыққа, әсіресе көпбалалы аз қамтылған отбасылар, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға партия тарапынан жасалған бұл көмек уақтылы әрі орынды болды.
Елбасымыздың бастамасымен қолға алынған акция облысымызда «Birgemiz Shygys» аты жалпыұлттық акциясы аясында жалғасын тапты. Бұл акцияның арқасында 37975 шығысқазақстандық 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.
Бұл бастаманы бүкіл ел қабыл алып, пандемия кезеңінде береке-бірліктің үлгісін көрсетті. Игі бастама Елбасымыздың халықты мемлекеттік мүддеге жұмылдырушы, дара тұлға басшы екенін тағы бір рет айқындады.
Әдетте, біз жастарға көп сын айтамыз. Алайда, бүгінгі жағдайда індетке шалдығам деп қорықпай, облыстың Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне, көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналарға антисептик, медициналық және гигиеналық заттар, азық-түлік таратқан волонтер жастарымызды мақтан тұтамыз.
Білікті басшыларымыз бастаған еліміздің бірлігі, бір-біріне деген қамқорлығы айнымай, бұл пандемияны да еңсереміз деп сенеміз.
Түсіпова Нұржан Құрмантайқызы
"Birgemiz-SHygys" аймақтық қорының төрағасы