USD444.32EUR473.33RUB4.76

2019 жылғы қала жолдардын жөндеу бойынша ақпарат.

03 шілде 2020, 15:08
Қаладағы жолдардың жалпы ұзындығы 756 км, оның ішінде асфальт бетонды жабыны бар жолдардың ұзындығы 291,2 км, қиыршық тас төселгені 22,8 км, топырақ жабындымен жабылғаны 442 км құрайды.
2019 жылғы қала жолдардын жөндеу бойынша  ақпарат.

Жол-жөндеу жұмыстарын орындауға 2020 жылы қала бюджетінен 1,359 млрд. теңге көлемінде қаражат жоспарланды, оның ішінде:

                қала жолдарын ағымдағы жөндеуге 157 500,00 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінде қала жолдарын ағымдағы жөндеуге – 87 500,00 мың теңге, жергілікті маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеуге – 70 000,00 мың теңге. Қазіргі уақытта 11 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпы алаңы - 12961 м2.

                қала жолдарын орташа жөндеуге 1 201 727,00 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл қаланың 9 көшесінде (20,05 км):

                Сол жағалау: "Семей-Қарауыл" а/ж 0-4 км (мектептен айналма жол айрығына дейін), "Әуежайға кіреберіс жол 0-2 км" а/ж, Волгоградская көшесі (№ 49 ЖОББМ-ден Рыков көшесіне дейін), Селевин көшесі (Рыков көшесінен Автодорожная көшесіне дейін), Бозтаев көшесін кеңейту (Селевин көшесінен сол жағалаудағы айналма жол айрығына дейін).

                Оң жақ жағалау: Қаржаубайұлы көшесі (оң жағалаудың айналма жолынан Жангелдин көшесіне дейін), Жангелдин көшесі (Қаржайбайұлы көшесінен Шугаев көшесіне дейін), Рысқұлбеков көшесі (Ұранхаев көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейін), Құлжановтар көшесі (Ш. Уәлиханов көшесінен Шугаев көшесіне дейін). Конкурс өтті, мердігер "Гордорстрой" ЖШС. Келесі нысандар бойынша жұмыстар басталды: "Семей-Қарауыл" а/ж 0-4 км (мектептен айналма жол айрығына дейін), "Әуежайға кіреберіс жол 0-2 км" а/ж, Волгоградская көшесі (№ 49 ЖОББМ-ден Рыков көшесіне дейін), Селевин көшесі (Рыков көшесінен Автожолная көшесіне дейін).

ШҚО Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының                    2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес іс - шаралар өткізу шеңберінде "Жангелдин – Омск - Майқапшағай 2,5 км автожолын қайта жаңарту" бойынша жұмыстар басталды. Жобаның құны 1,648 млрд. теңгені құрайды. Конкурс өткізілді, мердігер "Фирма "Азия"" ЖШС. Жұмыстар басталды.

Қарағайлы ш/а кварталішілік өтпе жолдарды салу бойынша жобаны іске асыру жоспарланған (1-6 көше), жобаның құны 3,565 млрд. теңгені құрайды. Конкурс өткізілді, мердігер "Фирма "Азия"" ЖШС. Жұмыстар басталды.

            Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру аясында жүзеге асыру жобаларының тізбесіне Семей қаласының көшелерін (15 көшені) орташа жөндеу жұмыстары 1,007 млрд.теңге сомасына енгізілді.

Сол жағалау: Боранбай Би көшесі Докучаев көшесінен Мир айналма жол айрығына дейін, Строительная көшесі Глинки көшесінен Физкультурная көшесіне дейін, Шымкент көшесі Белібаев көшесінен Лесная көшесіне дейін және Лесная көшесі, Карменова көшесі Глинки көшесінен Физкультурная көшесіне дейін, Цементная көшесі Физкультурная көшесінен Глинки көшесіне дейін, Рысқұлов көшесі Глинки көшесінен Синицын көшесіне дейін, 408 кварталдағы көше, Глинки көшесінің айналма жол айрығынан сол жағалаудың айналма жол айрығынан Промышленная көшесіне дейін кеңейту.

                Оң жақ жағалау: Герцен көшесі Қабанбай батыр көшесінен Чайковский көшесіне дейін, Сеченов көшесінен "Северный" СЛО көшесіне дейін, Дулатов көшесі (Герцен көшесінен т/ж өткеліне дейін), Тоқай көшесі Найманбаев көшесінен Абай көшесіне дейін, Восход кентіндегі жол, Предгорная көшесі, № 17 ОДА, жұқпалы аурулар ауруханасына кіреберіс жол. Конкурс өтті, мердігер "Гордорстрой" ЖШС. Екі нысан бойынша жұмыстар аяқталды: Сеченов көшесінен "Северный" СЛО көшесіне дейін Сеченов тұйық көшесі, инфекциялық ауруханаға кіреберіс жол.               

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar