USD444.22EUR476.38RUB4.82

Тұрғындардың жалақы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз – Даниал Ахметов

03 шілде 2020, 09:39
Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары қайта енгізілетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Тұрғындардың жалақы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз – Даниал Ахметов

Облыс әкімі тұрғындар денсаулығын сақтауға байланысты шаралар үздіксіз жүзеге асып жатса да, өңірде коронавирустың өршіп келе жатқанын атап өтті. Сол себепті шектеу шараларын қайта күшейтуді ұсынды.

– Қала және аудан әкімдерімен, бейінді басқарма басшыларымен жиналыс өткізіп, коронавирус инфекциясының бұдан ары таралуына жол бермеу, карантин талаптары мен шектеу шараларын енгізу жөніндегі мәселелерді талқыладық. Өйткені бұған дейінгі тәжірибе көрсеткендей, коронавирус инфекциясының таралуын тежеудің бірден-бір жолы осы. Сондықтан облыс ішінде қозғалыс шектеледі. Ал демалыс күндері «өлі тыныштық» орнауы тиіс. Сонымен қатар біз бизнестің жұмыс істеуі үшін, тұрғындардың жалақы алуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп жазды Даниал Ахметов Instagram-да.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar